Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасының “Жасыл толқын” шеңберінде жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жастар Сайрамсу өзені жағалауын күл -қоқыстан арылтты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аудан аумағын абаттандыру мақсатында өткен сенбілікке 300-ге жуық адам қатысты.
Игі шараға ат салысқандар 18 шақырым өзен жағалауын шыны, пластикалық бөтелкелерден, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Тазалық шарасына 10 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.
Сондай -ақ, аудан халқы тұрғылықты мекенжайындағы балалар ойын алаңшалары, ішкі көшелер, саябақ, аллеяларда тазалық шарасын жүргізді. Еріктілер, жастар аудандағы су қорғау аймақтары, өзен жағалаулары, жол жиектері күл-қоқыстан арылтты. Бұдан бөлек, аудандық, облыстық маңызы бар жол бойларына көшеттер отырғызылып, қураған талдар кесіліп, әктелді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау