Педагогикалық тәжірибе алмасудың жаңа деңгейі !

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Тәжірибе алаңы: табысты оқытуға қадам, идеядан – нәтиже.

   10.04.2025жылы  «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025 №32 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық білім бөлімі оқу,ғылыми , ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинет әдіскерлері  педагог-зерттеушіге және педагог-зерттеушіні растауға  өтінім білдірген педагогтерге  «Тәжірибе алаңы: табысты оқытуға қадам, идеядан – нәтиже» тақырыбында Мақаншы, Жаңасемей аудандары арасында  педагогикалық тәжірибені тарату жұмысын  қашықтықтан ұйымдастырады.   85-ке жуық мұғалім өз тәжірибесімен бөлісті!

  2024-2025 оқу жылында “Педагог-зерттеуші” санатына өтетін және өз санатын растайтын педагогтер үшін бұл іс-шара — инновациялық педагогикалық тәжірибені облыстық деңгейде таратуға арналған маңызды платформа болды.

    Аягөз, Мақаншы,Жаңасемей аудандарынан – онлайн режимде қосылған педагогтер белсенділік танытып, тәжірибе алмасты. Семей қаласының педагогтері қашықтықтан тыңдады.

   Қамтылған пәндер: 

 Химия | Биология | География | Тарих | Психология | Математика | Физика | Информатика | Қазақ тілі мен әдебиеті | Орыс тілі мен әдебиеті | Ағылшын тілі  | Дене шынықтыру | Көркем еңбек | Музыка | Бастауыш сынып |

#Педагогикалықалаі  #Аягөз білім  бөлімі #Абайоблысы #мұғалім2025 #тәжірибеалмасу #ПедагогЗерттеуші #инновациялықтәжірибе

 

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version