Тәжірибе алаңы: табысты оқытуға қадам, идеядан – нәтиже.
10.04.2025жылы «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025 №32 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық білім бөлімі оқу,ғылыми , ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинет әдіскерлері педагог-зерттеушіге және педагог-зерттеушіні растауға өтінім білдірген педагогтерге «Тәжірибе алаңы: табысты оқытуға қадам, идеядан – нәтиже» тақырыбында Мақаншы, Жаңасемей аудандары арасында педагогикалық тәжірибені тарату жұмысын қашықтықтан ұйымдастырады. 85-ке жуық мұғалім өз тәжірибесімен бөлісті!
2024-2025 оқу жылында “Педагог-зерттеуші” санатына өтетін және өз санатын растайтын педагогтер үшін бұл іс-шара — инновациялық педагогикалық тәжірибені облыстық деңгейде таратуға арналған маңызды платформа болды.
Аягөз, Мақаншы,Жаңасемей аудандарынан – онлайн режимде қосылған педагогтер белсенділік танытып, тәжірибе алмасты. Семей қаласының педагогтері қашықтықтан тыңдады.
Қамтылған пәндер:
Химия | Биология | География | Тарих | Психология | Математика | Физика | Информатика | Қазақ тілі мен әдебиеті | Орыс тілі мен әдебиеті | Ағылшын тілі | Дене шынықтыру | Көркем еңбек | Музыка | Бастауыш сынып |
#Педагогикалықалаі #Аягөз білім бөлімі #Абайоблысы #мұғалім2025 #тәжірибеалмасу #ПедагогЗерттеуші #инновациялықтәжірибе
Жауап қалдыру