Санат: Жаңалықтар
-

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықаралық жүк тасымалдаушылардың назарына маңызды ақпаратты ұсынады!
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықаралық жүк тасымалдаушылардың назарына маңызды ақпаратты ұсынады! 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасындағы «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу пункттерінде халықаралық тасымалдарға арналған электрондық кезек жүйесінде слотты брондау кезінде 20 АЕК мөлшерінде кепілдік сомасын енгізу міндетті болады. Аталған талап өткізу пункттерінде жасанды кезектердің пайда болуына жол бермеу…
-

Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Қайрат Қуантайұлы Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров таныстырды. Өңір басшысы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар…
-

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Нұршашқан Ғаниқызы Ізбасарова Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров таныстырып, жастар саясатын тиімді жүзеге асыру, жас буынның әлеуетін арттыру және олардың бастамаларын қолдау бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Нұршашқан Ізбасарова 1990 жылы Ақтөбе облысының…
-

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТАУЫНДА ТҰРҒАН АДАМДАР
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында кәсібилігі, көп жылдық еңбегі мен өз ісіне берілгендігі Қостанай облысының әлеуметтік саласы тарихының бір бөлігіне айналған адамдар туралы айтуды жалғастырамыз. Султангалиева Сауле Каппасовна – жоғары біліктілік санатты дәрігер-педиатр, тәжірибелі басшы, Қостанай облысының балалар медициналық-әлеуметтік сараптамасының негізін қалаушылардың бірі. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіріп, өзінің кәсіби өмірін…
-

Қозғалуы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету – нысанды ашуға дейінгі маңызды кезең
Қозғалуы шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету – нысанды ашуға дейінгі маңызды кезең. Департамент тарапынан Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы «Jenys Judo Ortalyq» спорт кешенінің құрылысы нысаны бойынша өтініш қаралып, қолжетімділігі қаралды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б. Орманов, аталған бөлімнің бас…
-

Талдықорғанда дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді
Жетісу облыс құрылғаннан бері білім беру нысандарының 41,8 % жаңғыртылды. Биыл 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 2 білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Солардың бірі – дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 300 орынды заманауи жаңа оқу ғимараты Республика күні қарсаңында пайдалануға берілді. Талдықорған қаласында орналасқан бұл білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагер…
-

Текелі қаласының полицейлері Республика күнін футбол матчымен атап өтті
Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Текелі қаласында полицияның жеке құрамы арасында футбол матчы ұйымдастырылып, өткізілді. Спорттық шара қызметкерлерді спортқа, командалық рухқа және салауатты өмір салтына деген ұмтылыс төңірегінде біріктірді. Футбол алаңында қатысушылар өздерінің физикалық дайындығын, жеңіске деген жігерін және өзара қолдауын көрсетті. Матч достық атмосферада өтіп, қызметкерлерге жағымды көңіл күй сыйлап, күнделікті қызметтік міндеттерден бір сәт…
-

Құқықтық сауаттылық
Құқықтық сауаттылық – дамыған әрі әділетті қоғамның ажырамас бөлігі. Бұл ұғым құқықтың негізгі нормалары мен қағидаларын білу, түсіну және қолдану, сондай-ақ соларға сәйкес әрекет ете білу дағдыларын қамтиды. Сондықтан Әділет министрлігі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізеді.Әділет министрлігінің пікірінше, құқықтық сауаттылық қазіргі заманда әрбір азаматқа қажетті қасиетке айналып отыр. Себебі бүгінгі…
-

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк өкілдері Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірлесіп, Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында делегация мүшелері Дүниежүзілік банктің үкіметтік қарызы есебінен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы аясында цифрлық инфрақұрылымның құрылыс барысымен танысты. Жоба жоғары жылдамдықты интернетті тікелей ауылдық үй шаруашылықтарына дейін жеткізуді субсидиялауға бағытталған. …
-

Концертке жалған билеттер: Астана тұрғыны сатып алушыларды алдағаны үшін сотталды
30 жастағы ер адам ресми сайттан екі билет сатып алып, олардың деректемелерін өзгерту арқылы жалған жасап, Threads әлеуметтік желісінде концертке билеттерді сату туралы хабарландырулар орналастырды. Хабарландыруға екі азамат, оның ішінде кәмелетке толмаған адам да жауап берді. Олар сатушыға 50 және 40 мың теңге аударды. Ақшаны алған соң, ер адам сатып алушыларды бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатты.…
-

ЕКПІНДІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
ЕКПІНДІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 500 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ Алакөл ауданына қарасты Екпінді ауылында Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл кіреберісіне 500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игі бастамаға Екпінді ауылының тумасы, профессор, академик Мұхтар Қасенұлы Байбатшанов ұйытқы болды. Шараның мақсаты – туған жердің көркін арттыру, қоршаған ортаны қорғау және ауыл аумағын жасыл желекке бөлеу.…
-

Астанада еріктілерге азаматтық қорғау және қауіпсіздік бойынша оқыту өткізілді
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала еріктілеріне азаматтық қорғау, өрт қауіпсіздігі, эвакуациялау тәртібі және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – еріктілердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын жетілдіру, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы білімдерін нығайту. Оқыту барысында қатысушыларға азаматтық қорғау саласындағы…
-

Асхат Шахаров ақтөбелік креаторларды марапаттады
Естеріңізде болса, Астанада 10-11 қазан күндері Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Aqtobe Creative Days көрме-жәрмеңкесі өткен еді. Екі күндік шарада Ақтөбе өңірінің ұлттық өнері, қолөнері, сәні, әдебиеті, музыкасы, театры және заманауи креативті индустрия бағыттары таныстырылды. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров көрме-жәрмеңке қатысушыларын қабылдап, оларға алғысын білдірді. Өз сөзінде аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан…
-

ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме? 📞 Жедел желіге хабарласыңыздар! ☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы…
-

Азаматтық қорғаныс қызметінің болашағы: Павлодар облысының ТЖД-де қызмет өтеуге мерзімді әскери қызметшілерді тарту
Білікті кадрларды даярлау — азаматтық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Абай облысының Семей қаласына қызметтік іссапар аясында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қыдыржан Айтенұлы Наскенов запасқа шығарылуға жататын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімінің мерзімді…
