Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясының бас директоры Хануман Раомен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жетекші халықаралық компаниялармен стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән беретіні атап өтілді. Сондай-ақ еліміздің ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық тудыртатын базалық металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы елеулі әлеуеті атап көрсетілді. Министр сондай-ақ инвесторлар…
-

Туристік саладағы кәсіпкерлерге санэпидталаптар түсіндірілді
Туристік саладағы кәсіпкерлерге санэпидталаптар түсіндірілді 2026 жылғы 14 сәуірде Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысының әкімдігімен ұйымдастырылған Қонаев қаласының кәсіпкерлерімен жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері бойынша жиналыста, Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы М.Ә.Исмаиловпен туристік саладағы кәсіпкерлерге ашық диалог форматында халықтың жаппай демалуына арналған орындарға қойылатын санэпидталаптар түсіндірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1200932?lang=kk
-

Инклюзивті спортты қолдау: сурдофутзалдан қарағандылық команда Азия чемпионатына дайындалуда
Футбол, онда судьяның ысқырығын естімейсіз — оның орнына жалаушалар, ал айқайлардың орнына ишараттар мен серіктестің көзқарасы. Қарағандыда есту қабілеті бұзылған спортшылардан тұратын футзалдан «Пантера» командасы бар, онда олар инклюзивті спорт — шектеу туралы емес, мүмкіндіктер, тәртіп және нәтиже туралы екенін дәлелдейді. Ойыншыларды Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы қолдап, командаға жаңа ойын формасын сыйлады. Команданың тарихы 2004…
-

Алға ауданы әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі
Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауданда атқарылып жатырған жұмыстарды тұрғындарға жеткізуде. Сонымен қатар, әр ауылдың өзекті мәселесі тыңдалып, олардың шешілу жолдарыжан-жақты түсіндірілуде. Сондай-ақ, жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесіне жете назар аударылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1200915?lang=kk
-

Целиноград ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бекітілген кестеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі жолдардың жай-күйіне, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және елді мекендерді абаттандыруға қатысты болды. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді қосымша пысықтауды…
-

ТҮРКІСТАНДА ПАВЛОНИЯ ӨСІРУ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ
Түркістан облысында экологиялық жағдайды жақсарту, жасыл аймақтарды ұлғайту және өңірдің көгалдандыру әлеуетін арттыру бағытында павлония ағашын егу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Болашақ ағашы» аталған бұл өсімдік бүгінде Түркістан қаласының кіреберіс аумақтарында да өсіп, өңір келбетіне ерекше көрік беруде. Павлония – оңтүстік өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, жылдам өсетін ағаш түрі. Қолайлы ортада жылына бірнеше метрге дейін…
-

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗУДЕ
Бүгін Қосшы қаласы мәслихатының депутаттары «Лесная поляна» ТА-да орналасқан №36 үйдің ауласында тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Кездесуге мәслихат төрағасы Ә.Қуатбеков, депутаттар Ш.Ибраев, С.Дүкенбаев, Д.Райханова және МИБ төрағалары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Жиын барысында қаламыздағы балалар алаңдары, тұрғын үй, құжаттама, жер, жол құрылысы, жаяу жүргінші жолағы, су, газдандыру, қаңғыбас ит және қаланың инфрақұрылым мәселелеріне қатысты өзге…
-

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
✔️Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселе – аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету барысы болды.✔️Аталған мәселе бойынша «Таза су» мекемесінің директоры Қылышбек Әбішев баяндама жасап, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ол өз сөзінде елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бағытында жүргізіліп жатқан…
-

АУДАНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ауданымызда ветеринариялық-профилактикалық шаралар аясында дезинфекция және залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.Бүгінгі күнге дейін қора-жайлар мен жапсарлас аумақтардың 150 мыңнан астам шаршы метрі, сондай-ақ мал иірімдері, суаттар мен бұталы алқаптардың 599 мыңнан астам шаршы метрі өңделді.Қазіргі таңда жұмыстар Бөржар, Қараспан және Шұбарсу ауыл округтерінде жалғасуда. Барлық елді мекендерде қора-жайларды залалсыздандыру, малдарды өңдеу шаралары қатар жүргізілуде.Аталған жұмыстар…
-

ТҮРКІСТАНДА САДАҚ АТУДАН ҚР КУБОГЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов атындағы стадионда садақ атудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогының ІІ кезеңі басталды. Ауқымды спорттық додаға еліміздің 12 өңірінен 260-қа жуық спортшы жиналып, шеберліктерін сынға салуда. Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Түркістан, Ақмола, Қарағанды, Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының үздік спортшылары қатысып отыр. Бұл — ел көлеміндегі ең мықты садақшылардың…
-

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу және тұрғындардың өтініш-тілектерін жедел қарау мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Бекбол Аманжол Бақытжанұлы азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау бекітілген кестеге сәйкес өткізіліп, алдын ала жазылған тұрғындардың өтініштері жан-жақты тыңдалды. Қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне қою және кезектен шығару, сондай-ақ кәсіпкерлікке қолдауға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Аманжол Бақытжанұлы азаматтарды жеке қабылдауды әр аптаның жұма…
-

ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ҚР-НЫҢ КӨКТЕМГІ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан қаласында академиялық ескек есуден көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 19 алтын, 18 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды. Аталған дода қорытындысы бойынша түркістандық Иван Чернухин мен Владислав Яковлев М2 санаты бойынша 2000 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғауға…
-

ТҮРКІСТАН ӨНЕРПАЗДАРЫ ЕУРОПА ТӨРІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Түркістан облысының мәдениеті халықаралық деңгейде кеңінен дәріптеліп келеді. Француз Республикасы мен Испания Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшіліктерінің шақыртуымен Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Конгресс Холл» кешенінің Республикалық байқаулар лауреаты «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі Еуропа төрінде «Наурыз думан» мерекелік концерттік бағдарламасын жоғары деңгейде өткізді. Нақтырақ айтқанда, фольклорлық ансамбль Франция астанасы Париж қаласында және Испания астанасы Мадрид қаласында өнер…
-

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтілді. Қала аумағындағы секторлар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде тұрғындар бірлесе отырып, ұлттық дәстүрге сай мазмұнды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды. Мереке аясында ауызбіршілік пен қайырымдылықтың жарқын үлгілері көрініс тапты. Қала тұрғындары игі бастамаларға ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, баспана алып беру…
-

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ТУРИСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және туристік тасымал қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев, қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, саладағы өзекті мәселелерді назарға алды. Рейд барысында электрокар жүргізушілерінің құжаттары тексеріліп, көлік құралдарын пайдалану…
