«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы Р.Елжасовтың 10.04.2025 жылғы № 86-НҚ бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедейлік шегі 2025 жылдың 2 тоқсанында 36 232 теңге сомасында анықталды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алудың негізгі критерийі – жан басына шаққандағы орташа табыс.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде тағайындалады. Табысы асып кеткен жағдайда АӘК тағайындалмайды.
Атаулы әлеуметтік көмек арналған мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мен төлеу жөніндегі бас маман – Олжабаева Д.Т.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау