Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы 2025 жылғы 18 сәуір күні сағат 11:00 де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 18 сәуір күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.

Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

1) Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекіту туралы
2) Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы
3) Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы
4) Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекіту туралы
5) Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
6) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы
7) Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version