Алматы облысы Талғар ауданында 6 сәуір мен 10 мамыр аралығында Ішкі істер министр
і жариялаған Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылына орай республикалық «Жасөспірім» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың және қоғамға қарсы мінез-құлықтың алдын алу. Негізгі назар білім беру ұйымдарындағы тәртіпті нығайтуға, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алуға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
– Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері түрлі құқық бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу фактілері тіркелді. Келушілер мен мекеме иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Іс-шара басталғалы бері аудан бойынша 78 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды – деді аудандық полиция бөлімшесінің бастығы Асхат Бекенов.
Іс-шараның бес күнінің ішінде облыс аумағында 700-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтың алды алынды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бейімдеу орталығына қараусыз және панасыз жүрген 16 жасөспірім жеткізілді. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының есебіне 25 бала тіркеліп, тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамаған 20 ата-ана профилактикалық есепке алынды
Өткізіліп жатқан алдын алу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу – үлкен қылмыстардың жолын кесудегі маңызды қадам. Құқық қорғау органдары мұндай іс-шаралар жас ұрпақ үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде жалғасатынын атап өтеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау