ЗАҢҒА ҚЫЗМЕТ – ЖҮРЕКТЕГІ МАХАББАТПЕН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қалалық полиция басқармасында ерекше отбасы қызмет етеді. Бұл отбасында сүйіспеншілік, өзара құрмет пен қызметке деген адалдық бір арнаға тоғысып, мықты да мәнді өмір жолын қалыптастырған. Полиция подполковнигі Жүсіп Қабдырасылұлы Турлин мен полиция майоры Гүлмира Таныбергенқызы Турлина – бір-біріне серік қана емес, қызметтегі сенімді әріптестер.

Жүсіп Қабдырасылұлы 2005 жылдан бері қоғамдық тәртіпті қадағалап келе жатқан тәжірибелі учаскелік инспектор. Ол осы жылдар ішінде аудан тұрғындарының сенімі мен құрметіне ие болып, күрделі сәттерде де адамгершілік таныта білген азамат.

Гүлмира Таныбергенқызы ішкі істер саласына 2009 жылы келген. Бүгінде ол – тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының аға инспекторы. Бұл қызмет ерекше сезімталдықты, сабырлылық пен шын ықыласпен көмектесуге деген ниетті талап етеді. Ол бұл міндетті абыроймен атқарып, қиын жағдайда қалған жандарға жан жылуын сыйлап келеді.

Турлиндер отбасында үш бала өсіп келеді. Үлкен ұлы – мемлекеттік грантпен оқитын 4-курс студенті. Ортаншы ұл – 8-сынып оқушысы, спортқа әуес. Кенже қыз – 2-сыныпта оқиды, жетістіктерімен ата-анасын қуантады.

Турлиндер отбасы – кәсіби адалдық пен отбасы жылуын қатар ұстанудың жарқын үлгісі. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні біз осындай отбасыларды құрметтейміз. Олар өз өмірімен сүйіспеншілік, түсіністік пен ортақ қызметтің мәнін дәлелдеп келеді.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version