«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» Ардагерлер арасында қалалық спартакиада өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таразда Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуғабыл Төребековтің 100 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты ардагерлер арасындағы қалалық спартакиада өтті.

Шараның мақсаты – ерлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу, ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және олардың өмірлік тәжірибесі мен рухын жас ұрпаққа үлгі ету.

Спартакиаданың салтанатты ашылуына Тараз қаласы мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы, Тілеуғабыл Төребековтің қызы Светлана Тілеуғабылқызы және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Спартакиадада қаладағы ардагерлер ұйымдарынан 8 команда бақ сынасты:
– «Белсенді ұзақ өмір орталығы»
– «Теміржол ардагерлері»
– «Ардагер ұстаздар»
– «Колледж ардагерлері»
– «Ардагерлер орталығы»
– «Жоғары оқу орындары ардагерлері»
– «ГВСП»
– «КазТрансГаз Аймақ ардагерлері»

Жарыс 9 спорт түрінен: волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, ләңгі және дартс бойынша өтті.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орын – «Ардагерлер орталығы» командасы; 2-орын – «Ардагер ұстаздар» командасы және 3-орынды «Белсенді ұзақ өмір орталығы» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен, кубоктармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version