АУЫЛДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыз су – өмір өзегі, тіршілік арқауы екендігі даусыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында елді мекен тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше тоқталып, бұл мәселені түбегейлі шешуді тапсырған болатын. Елімізде өзекті болып отырған ауыз су мәселесі бүгінде ауданымызда да кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Маяқұм ауылында болып, ауыз су ұңғымасын қазу жұмыстарымен танысты. Сала орынбасарларымен бірге барған аудан басшысы мердігер мекеменің мамандарымен кездесіп, жұмыстың сапалы және мерзімінде жүргізілуін тапсырды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуі кезінде тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда тасымал арқылы ауыз су жеткізіп беруді ұйымдастыруды жүктеді.

Жалпы Отырар ауданы бойынша 37 елді мекеннің 35 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. 2024 жылы «Бестам» елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысы нысанына Ұлттық қордан қаржы қаралып, нысан ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Қазіргі таңда орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылмаған 2 елді мекен бар. Олар Сырдария, Ақкөл елді мекендері. Аталған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұдан бөлек Балтакөл, Маяқұм, Аққұм және Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су желілерінің тозығы жетуіне орай қайта құру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, 2024 жылы сараптама қорытындысы алынып, қаржы бөлу үшін облыстық бюджетке ұсынылған. Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес Маяқұм елді мекенінде ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде.

Аралау барысында аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы су мамандарымен кеңесе отырып ауыз су желісін тартуда барынша тиімді жақтарын қарастырып, жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылауда ұстауды жауапты сала басшыларына тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/974300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version