Ауданда тұрғындарды толғандырған қоғамдық көлік және такси қызметіне қатысты мәселелер оң шешімін табуда.
Аудан орталығына жолаушыларды тасымалдау қызметін жүргізетін «Мұхтарәлі» ЖШС-і тарапынан қоғамдық маршрут ауданішілік 3-бағыттарға қатынауда.
Атап айтар болсақ;
Мыңшұқыр – Шәуілдір – Темір – Мыңшұқыр,
Шәуілдір – Көкмардан – Шәуілдір,
Шәуілдір – Талапты – Шәуілдір ауылдарында тұрақты маршруттар жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
Осылайша күніне әр сағат сайын айналым жасау арқылы ауыларалық елдімекен тұрғындарын көздеген жеріне дейін тасымалдауда.
Сәуір айының соңына дейін қосымша 9 бағытта қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалын ұйымдастыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/974265?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау