Түркістан қаласында облыс көлемінде өткізілген «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Төрт күнге созылған бұл ауқымды шараның шешуші кезеңі Жастар ресурстық орталығы ғимаратында салтанатты түрде ашылып, жоғары деңгейде өтті.
7 сәуірден бастап бастау алған байқауға Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан 200-ге жуық команда 1000-ға жуық қатысты. Іріктеу кезеңінен озып шыққан 10 үздік команда финалға жолдама алып, өзара білім сайысында бақ сынады.
Білімділер сайысында Сарыағаш ауданының білімді жастарынан құралған “Конина power” командасы үшінші орынды жеңіп, 300 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.
Шара соңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз сөйлеп, қатысушылардың белсенділігі мен еңбектерін жоғары бағалап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
«AL-FARABI» интеллектуалды ойыны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, Түркістан облысының зияткерлік әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/974254?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау