Шымкент қаласы білім басқармасының бұйрығымен Сауле Асетовна Мамытбаева Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Сауле Асетовна Мамытбаева – жоғары санатты басшы-көшбасшы, педагог-зерттеуші. Ол 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1992 жылы В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. 2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің техника және технология мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2017 жылы Финляндияның HAMK, JAMK университеттерінде директорлық тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолы:
• 1992 жылы Шымкент қаласы СПТУ №13 (ВПУ№1) химия пәнінің мұғалімі болып жұмысын бастады.
• 1997–2005 жылдары И.В. Мичурин атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде химия пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
• 2005–2014 жылдары О. Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, 2014 жылы директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары болды.
• 2016 жылы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалды.
• 2022 жылы №43 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры ретінде ротация бойынша жұмыс істеді.
Сауле Асетовна Мамытбаева – ұзақ жылдар бойы білім саласында табысты еңбек еткен білікті маман, оның мол тәжірибесі мен кәсіби білімі Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің білім сапасын арттыруға және оның одан әрі дамуына үлкен ықпал ететініне сеніміміз мол.
Шымкент қаласы білім басқармасының бұйрығымен №41 «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі қызметіне Эльмира Ермаханқызы Тлеукеева тағайындалды.
Эльмира Ермаханқызы Тлеукеева – Шымкент қаласының тумасы. 1992 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, 2004 жылы Қарағанды экономикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Марапаттары:
– «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 және 30 жыл» медальдары
– «Ы.Алтынсарин» және «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілері
– ҚР Президенті, министрлер мен әкімдерден алғыс хаттар
Еңбек жолы:
1992–1997 жж. – Математика және информатика пәнінің мұғалімі
1997–2005 жж. – ОҚО білім департаменті
2008–2016 жж. – Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысының орынбасары
2017–2024 жж. – Түрлі мемлекеттік қызметтер
2024–2025 жж. – Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары
Эльмира Ермаханқызы Тлеукеева өз тәжірибесімен №41 «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының дамуына маңызды үлес қосатынына сенім білдіреміз.
Шымкент қаласы білім басқармасының бұйрығымен Нартай Шорабек Шлязданұлы «Қосалқы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Нартай Шорабек Шлязданұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын «Дефектология» мамандығы бойынша тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын тәрбиеші болып бастап, кейін шеберхана меңгерушісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болған.
Нартай Шорабек Шлязданұлының тәжірибесі мекеменің дамуына үлкен үлес қосатынына сенім білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/971459?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау