Казталов ауданы әкімі аппаратының терроризмге қарсы жұмыс тобы мүшелері аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлесе аудандық террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде тұрған мекемелердің қауіпсіздік және инженерлік-техникалық талаптарына сәйкестігін қадағалау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында 3 сәуірден бастап тиісті жұмыстарды жүргізуде. Әдістемелік көмек көрсету барысында 2025 жылға аудандағы ТТОО (террористік тұрғыдан осал объектілер) басшыларымен семинар-кеңес ұйымдастыру және жұмыс тобымен объектілерді зерделеу жұмыстары жоспарланды. Бекітілген жоспарға сәйкес Казталов ауданында террористік тұрғыдан осал объектілерді зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/971467?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау