Көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №739 Жарлығына сәйкес, Әуезов ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарға салтанатты түрде «Алтын алқа» (7 бала) және «Күміс алқа» (6 бала) төсбелгілері табысталды.

Аудан әкімі Абзал Егембердиев 9 көпбалалы анаға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапатталған аналардың қатарында декреттік демалыстағы әйелдермен қатар, түрлі салада еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосып жүрген жандар да бар.

Айта кетейік, бүгінде Әуезов ауданында 4 500-ден астам көпбалалы ана тұрады. Олардың 214-і – «Алтын алқа», 507-і – «Күміс алқа», 22-сі – «Батыр ана», 28-і – «Ана даңқы» ордендерінің иегерлері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/981954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version