2025 жылғы 11 сәуірде Ақтөбе облысы Прокуратурасының бастамасымен, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Ж. Байдуллинаның қатысуымен облыстық мәслихат депутаттарын Ақтөбе қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінің жай-күйімен таныстыру жүзеге асырылды.
Мәслихат төрағасы Г.Р.Сүйінтаева бастаған бір топ депутаттар апатты жағдайда тұрған №70 мекеме – тергеу изоляторы ғимаратындағы қамауға алынған азаматтардың ұсталуының жағдайларымен танысты.
Мәслихат депутаттарына қамау камералары, санитарлық-тұрмыстық бөлмелер және басқа да ұсталуға арналған нысандар көрсетілді.
Іс-шара туралы бейнесюжетті КТК телеарнасының интернет-ресурсынан келесі сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.ktk.kz/ru/news/video/2025/04/17/293937/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/981953?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау