Бүгін сағат 10:00 шамасында Қызылорда қаласы, Жастілек көшесінде тұрғын үйдің ас бөлмесі жанды. Өрт сағат 10-нан 31 минут өткенде толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі – анықталуда. Өртті сөндіруге: ТЖД (6 жеке құрам және 2 техника) жұмылдырылды. Апаттар медицинасы орталығының филиалының мамандары аталмыш тұрғын үйдегі жану жағдайынан шошынып қалған тұрғындарға психологиялық көмек көрсетті.
Құрметті өңір тұрғындары!
Сіздерден қоғамда және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін ескеруді, электр, газ жабдықтарын қолдануда сақтықты ұмытпауды сұраймыз. Қоғам мүлкі мен адам өмірін сақтау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидасын қатаң сақтауды ұмытпаңыз.
Қызылорда облысы ТЖД
Видеода: Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі азаматтық қорғау подполковнигі Тілеубергенов Ғалымжан Жұбанышұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/982461?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау