Астана, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ұлттық кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында Астанадағы №66 лицейге сыртқы саяси ведомствоның қорынан кітаптарды сыйға тартты.
Оқушыларға еліміздің СІМ мен шетелдік мекемелердің көмегімен жарық көрген кітаптар берілді. Дипломаттардың айтуынша, адамның кітап оқуға деген қызығушылығы мектеп қабырғасында жүргенде басталуы керек. Осы ретте «Кітап оқитын мектеп оқымысты ұлттың белгісі» деген постулат бұрынғыдан да өзекті. Ведомство бұл бастаманы тұрақты негізде жүзеге асырып, кітап оқитын ұлтты қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Мектептерге кітап сыйлау идеясы Қазақстан СІМ-де «Туған мектеп» челленджі басталған кезде пайда болған. Дипломаттар өздері оқыған мектептерін аралап, мамандықтары туралы әңгімелеп, жеке кітап қорларынан мектеп кітапханаларын жаңа кітаптармен толықтырған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/982462?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау