Шымкентте кәсіпкерлердің өтініштеріне арналған жәшіктер қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бизнеске жол» жобасы аясында Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен бизнес өкілдері жиі баратын орындарға арыз-шағымдар мен ұсыныстарға арналған 6 жәшік орнатылды (әкімдік, МКД, сот, кәсіпкерлер палатасы, «AMANAT» партиясы, «Shymkent plaza» CО).

Онда кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мәселелерді шешуге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың байланыс нөмірлері көрсетілген.

Мұндай қадамдар шағын және орта бизнес өкілдерімен кері байланыстың қосымша құралына айналады және әкімшілік кедергілерге, сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың заңды кәсіпкерлік қызметке араласуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/982661?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version