2025 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына қатысты.
Отырыста балаларды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі кешенді жоспардың орындалу мәселелері қаралып, сондай-ақ Комиссияның қызметін жетілдіру бойынша шаралар талқыланды. Әсіресе, балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/985498?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау