Жаңақорған ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шаралары өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде білім беру ұйымдарының басшылық құрамына, педагогикалық ұжымына және оқушылардың ата-аналарына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы  кездесу өткізілді.

  Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан шаралар, заңнамадағы жаңа өзгерістер, сондай-ақ жемқорлық әрекеттері үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

  Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары мен жауапкершілігі, сондай-ақ осы бағыттағы қылмыстар туралы хабар берген азаматтарды көтермелеу қағидалары туралы мәліметтер ұсынылды.

  Кездесу аясында қатысушылар жемқорлыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылатын жауапкершілік шаралары, құқықтық нормалар және азаматтардың құқығы мен міндеттері жөнінде мағлұмат алды.

  Жоба шеңберіндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Жаңақорған ауданында алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстармен толықтырылатын болады.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/985499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version