⚜️ ДЕПАРТАМЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕБІ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Төрағасының м.а. Е.Абулхатиннің тапсырмасына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын» орындау мақсатында 2025 жылдың 9 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ибадуллаев Берік Серікбайұлы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуы бойынша Департамент қызметкерлерімен арнайы жиналыс өткізді.

🔹 Жиналыс барысында Берік Серікбайұлы мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық факторларына қатысты мәліметтерге талдау жүргізе отырып, қолданылатын тиісті шараларды түсінідіріп өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының халықпен жұмыс жасау кезіндегі әдеп имиджін қалыптастыру, оны сақтау туралы және сыбайлас жемқорлықтың алын-алу бойынша заңдылықтарға түсіндірме жүргізді.

🔹 Жиналыс соңында, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Берік Серікбайұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа алып келетіндігін ескерте келе, мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге міндетті екендіктерін шегелеп өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version