ДЕПАРТАМЕНТ: ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтың облыс тұрғындарымен кезекті кездесулері мен кезекті жеке қабылдаулары Отырар, Ордабасы, Бәйдібек, Созақ және Сауран аудандары мен Кентау қаласында өз жалғасын табуда.

 Осыған орай, аймақтық және жергілікті жерлердегі халықпен ашықтықты орнатып, елмен етене жақын болу, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында өңір басшысы кездесуде жергілікті тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, облысты дамыту бағытындағы жоспарларын облыс тұрғындарымен бөлісуде.

 Сонымен қатар, өңір басшысының аудан, қалаларда өткізілген халықпен кездесулерінде ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары қатысуда, аталған кездесулерде Департаменттің тексеру барысында қабылдаған шешімдеріне қатысты жергілікті тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар орын алмады.

 Сонымен қатар, облыс әкімі жергілікті тұрғындарын жеке қабылдап, талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980640?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version