БЕЛСЕНДІ БАЛАЛАРДЫҢ “ЖЕТІСТІК FM” МЕКТЕБІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінің базасында белсенді балалардың «ЖЕТІСТІК FM» мектебі ұйымдастырылды. Оған Аққулы ауданының мектеп тәлімгерлері, мектеп президенттері, «Жасқыран» мүшелері мен еріктілер қатысты.

Бүгінгі іс-шараның тақырыбы: өзін-өзі дамыту және тиімді көшбасшылықтың сырттай және іштей мектебі. Мақсаты: балалар белсенділері мектебінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша балалар белсенділеріне, аға тәлімгерлерге, волонтерлерге, жастарға әдістемелік көмек көрсету.
«Жас Ұлан» облыстық штабының мамандары шығармашылық алаңдарды ұйымдастырып, әдіскерлер «Бас Тime» жетекшілері үшін тренингтер өткізді; команда құру ойындары, «Болашақтың көшбасшылары: үйрен және ойна!» тақырыбындағы тренинг сабақтары.

Көшбасшылармен кездесу соңында балаларды ауызбіршілікке, тиімді көшбасшылыққа, өзін-өзі дамытуға ықпал ету мақсатында флешмоб ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/981181?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version