2025 жылдың 22 сәуірінде Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл толуына орай ұрпаққа қалдырған мол мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жыры мәңгі жасайтын Жұбан ақын» атты телемосттың ашылу салтанатына облыстың қаржы басқармасы ұжымнан бірқатар мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Бұл іс-шара барысында басқармамыздың бас маманы Галиева Гауһар Берікқызы қатысып, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
“Жыры мәңгі жасайтын Жұбан ақын” атты телемосттың ашылу салтанатынан видео-үзінді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/981182?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау