Аталған шараға Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А. Юнисова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Р. Бекназаров, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Батыс Қазақстан филиалының директоры А. Мамедов және аудандық мәдениет бөлімінің мамандары қатысты.
Семинар-кеңестің күн тәртібінде облыс аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау, қорғау мәселелері қаралды.
Семинар-кеңестің салтанатты бөлігінде Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты арасында әріптестік меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Алдағы уақытта резерват аумағында облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының мамандарымен бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аудандық мәдениет бөлімінің мамандарымен бірге тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/979409?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау