МЕДИЦИНАЛЫҚ ЛИЦЕНЗИЯЛАР БОЙЫНША ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті денсаулық сақтау субъектілерінің назарын аударады.

Деректер базасын өзектендіру мақсатында, егер денсаулық сақтау субъектісі қызметті таратуға, көшуге және басқаларға байланысты жүзеге асырмаса, рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтату қажет.

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату туралы ерікті түрде лицензиарға өтініш жасағанда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайда тоқтатылады.

Заңның 35-бабының 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 464-бабында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау – лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Департаментке 53-43-90 телефон нөмірі бойынша жүгіне аласыз, Ахметжанов Диас Бүркітбайұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kostanay/press/news/details/979412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version