КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясының отырысы өткізілді. Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық жасап, ашып,жүргізіп отырды.
Сессия отырысына Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары Оразбеков Байдулла, Төлегенов Талғат, сондай-ақ дербес бөлім басшылары қатысты.
Сессия отырысында күн тәртібінде 7
мәселе қаралды:
1) Түркістан қаласы аумағының қала құрылысы регламентін бекіту туралы;
2) Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы;
3) Түркістан қаласының сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы;
4) Түркістан қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын бекіту туралы;
5) Меншік иелерінің келісімі болған кезде Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебақылау мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы;
6) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы;
7) Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы мәселелері қаралды.
Жиын соңында депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/980284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version