“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында…

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Райымбек аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы Ғабит Болатұлы, аппараттың мамандарымен бірлесе отырып Нарынқол ауылы Жанайұлы көшесінің бойында орналасқан скверге шырша мен қайың көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудару.
Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті – ағаштар. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш шараның ұйымдастырылуы аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, елді-мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-raiymbek/press/news/details/980285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version