Облыстық мәслихат депутаттары сенбілікке қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл сайынғы дәстүр бойынша облыстық мәслихат депутаттары мен қызметкерлері Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері де ат салысты.

Қоғам белсенділері саябақ аумағындағы қоқыстар мен кеуіп қалған жапырақтарды жинап, қала тұрғындарының сүйікті демалыс және спорт алаңын тазартты. 2023 жылы осы жерге облыстық мәслихат депутаттары отырғызған шыршалардың барлығы тамыр жайғанын айта кету керек.

Бұл іс-шара қоршаған ортаға және оның тазалығына ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған. «Сенбілік –азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын маңызды іс-шара. Осылайша, әрқайсымыз өз қаламыз бен ауылымыздың дамуына үлес қосамыз. Облысымыздың барлық тұрғындарын немқұрайлы қарамай, экологиялық акцияға қосылуға шақырамыз!», – деді облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/980458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version