«Заң мен Тәртіп» қағидаты барлық салаға ортақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автожолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мониторингтік топ құрды.
Мониторингтік топ құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері және Жол активтері сапасы ұлттық орталығының мамандары кірді. Топ мүшелері М.Жәлел көшесіндегі жол учаскесіне шығып, онда бірқатар ақауларды анықтады: қабыршақтану, ойықтар, жарықтар және доғалдану белгілері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша, жергілікті атқарушы орган мердігерге кепілдік мерзімі шеңберінде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде, жол төсемесінің үстіңгі қабатын толықтай қайта төсеу талабымен, тиісті нұсқама жолдайтын болады.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында тұр.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/980456?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау