«Жасыл әлемді бірге құрайық!»: 10 мыңнан астам оқушы ағаш тұқымдарын екті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласындағы Ш.Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясында «Жасыл әлемді бірге құрайық!» атты экологиялық акция өтті. Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков және ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Акция барысында аймақ басшысы аталған жобаның маңыздылығына айрықша тоқталды.

Таза қоршаған орта – халық денсаулығының кепілі. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын. Бүгінде бұл акция ел аумағында экологиялық тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды іс-шараға айналды. Сіздер де туған жердің тазалығын сақтауға және оның көркеюіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаның тамаша көрінісін сақтау – әрбір азаматтың борышы. Күз мезгілінде ағаш көшеттерін отырғызу рәсіміне куә болайық! – деген Ербол Шырақпайұлы оқушылармен бірге қылқан жапырақты бозарша, арша, шырша, қарағай секілді ағаш тұқымдарын екті.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Мен Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын?» атты облыстық шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Аталған байқауда 2 530 оқушы бақ сынап, оның ішінде 3 үздік шығарма иесі – Т. Рысқұлов ауданынан Нұрәли Керімбек, Жуалы ауданынан Айдын Артықбай және Тараз қаласынан Заңғар Айтбай жеңімпаз атанды. Облыс әкімі жеңімпаздарға велосипед сертификаттарын табыстады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында «Жасыл әлемді бірге құрайық!» акциясына 248 мектептің 10 375 оқушысы өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/980455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version