ШҚО әкімдігінде нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл сұрақтары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО әкімі аппаратында мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Өңірлік ведомствоаралық штабтың жұмыс тобының кездесуі өтті.

Талқылау тақырыбы – Аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі мен ШҚО әкімі аппаратының Жобалық офисі бірлесіп әзірлеген «Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты № 7 картасының (ҮББ-7) пилоттық жобасы.

Іс-шараға ішкі саясат, білім беру, денсаулық сақтау, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының, сондай-ақ Полиция департаментінің, облыстық прокуратураның және ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдері қатысты.

Негізгі назар ҮББ-7 жобалар картасының міндеттерін орындау механизмін талқылауға аударылды. Кеңес шеңберінде салалық ведомстволардың сұраныстары бойынша тапсырмалар мен іс-шараларға ұсыныстар енгізілді. Қатысушылар жобалық құрылымды өңірлік ерекшелікке бейімдеу жолдарын бірлесіп қарастырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын ұсынды.

Кеңестің қорытындысы бойынша барлық тартылған құрылымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл, жобалық тәсіл және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарында ҮББ-7 міндеттерін бірлесіп іске асыруға дайындығының жоғары деңгейі расталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/979511?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version