Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні барша ұлт өкілдерін біріктіретін “Достық үйінде” Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы ҚХА депутаттық тобының алғашқы отырысы ұйымдастырылды.
Басқосуда төрағалық еткен БҚО әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы-Жолдасқалиев Нұрғали. Отырысқа Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы ҚХА депутаттық тобының мүшелері, БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, БҚО әкімдігі ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен этносаралық қатынастар саласын талдау және идеологиялық тәсілдерді жетілдіру бөлімінің мамандары қатысты.
Отырыстың мақсаты: Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы ҚХА депутаттық тобының Ережесі мен 2025 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. Депутаттық топтың одан әрі тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шараларды талқылау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/979512?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау