АҚШ-тың Орман шаруашылығы қызметімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі АҚШ-тың Елшілігі мен орман шаруашылығы қызметінің қауіпсіздік жөніндегі әскери ынтымақтастық бөлімінің өкілдерімен кездесуге қатысты.

Ормандардағы өрттерге жедел ден қою, оларды жою ерекшеліктері, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлар мәселелері талқыланып, пікір алмасты.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев келесі мәселе бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді:

– биік ғимараттар мен құрылыстарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

– тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, өртті сөндіру және биік ғимараттардан адамдарды құтқару тактикасы;

– электромобильдердегі өрттерді сөндіру тәсілдері.

Тараптар осы мәселелер бойынша толық ақпарат беру туралы уағдаласты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kps/press/news/details/988976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version