Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Ұшақтар және Комсомол кентінің тұрғындарымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, кент тұрғындары электр жарығының тұрақсыздығы, жолдардың жай-күйі, балалар ойын алаңдарының жетіспеушілігі, интернеттің әлсіздігі және қоғамдық көліктің жүрісі секілді түйткілдерді алға тартты.
Әрбір мәселе мұқият тыңдалып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген барлық сұрақтар жүйелі түрде қаралып, кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Кездесуден кейін Бекжан Бапышев кенттің бірнеше көшесін аралап, жергілікті жағдаймен танысты. Атап айтқанда, Культурная, Достық, Шөптіғақ және Архат көшелеріне барып, жолдардың қазіргі күйін көрді. Нәтижесінде аталған көшелерде жолдарды тегістеу бойынша жұмыстарды жақын арада бастау туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/988978?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау