БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ, СПОРТҚА СЕРПІН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ, СПОРТҚА СЕРПІН
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі , қаһарман батыр, ақын Абдолла Жұмағалиевтің 110 жылдығына арналған волейболдан ерлер командалары арасындағы аудандық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, Абдолла Жұмағалиевтің ұрпақтары атынан Абдолла атамыздың тумасы, Орал қаласы, Деркул кентінің әкімі: Жұбан Жұмағалиев, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, Жосалы ауылдық округінің әкімі Батырғали Иманқұлов қатысып сөз сөйледі.
Аудандық турнирге Аралтөбе, Бұлан, Бұлдырты, Жосалы, Жымпиты, Қособа, Шолақаңқаты, Тасқұдық ауылдарының және Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебімен Асқар Шайхиев атындағы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командалары бақ сынады.
Аталған турнир марапаттау рәсімімен аяқталды. Ойын қорытындылана келе III-орын Жымпиты ауылына, II-орын Жосалы ауылына бұйырса, I-орын Бұлдырты ауылының еншісінде кетті. Жүлдегер болған командалар Абдолла Жұмағалиевтің ұрпақтары атынан дайындалған диплом, медаль және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Одан бөлек, Абдолла Жұмағалиев атындағы мектептің ойыншылары және Бұлан ауылының спортшылары демеушілер атынан тағайындалған ақшалай ынталандыру сыйлығына ие болды.
Сонымен бірге үздік ойын көрсеткен ойыншыларда құр қол қайтпады. Нақтылап айтқанда, Жайманов Ақтілек “Үздік қорғаушы” , Әшім Данияр “Үздік байланыстырушы” , Бержанов Райымбек “Үздік тосқауылшы” , Мэлс Сағидуллин “Үздік ойыншы” және Төлепберген Бөлекбайұлы аудан әкімінің арнайы жүлдесі “Ең жас үздік ойыншы” номинациясын қанжылады.
Қ.Жеңісұлы
СЫРЫМ ЕЛІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/988838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version