Көкшетауда Жеңістің 80 жылдығына арналған велошеру өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Көкшетаудағы «Бәйтерек» саябағында Жеңістің 80 жылдығына арналған ту ұстаған мерекелік велошеру өтті. Шараға 60-тан астам адам қатысты. Олардың қатарында ҚР ҰҚК Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі, «Синегорье» велоклубының мүшелері және 50 жастан асқан қала тұрғындары болды. Бұл велошеру Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ерлігіне деген құрметті білдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Таңертеңнен бастап алаңда мерекелік көңіл-күй орнады. Велошеру қатысушылары қала көшелерімен желбіреген тулармен жүріп өтті. Бұл көрініс қала тұрғындарының назарын аударып, нағыз мереке әсерін сыйлады. Велошеру тек спорттық шара ғана емес, сонымен қатар патриотизмнің, ардагерлерге деген құрметтің және халық бірлігінің белгісіне айналды.

Іс-шара аясында велошеруден бөлек түрлі ойындар мен «көңілді старттар» ұйымдастырылды. Қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, жауынгерлік әндер шырқалды. Ардагерлер үшін арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

«Бүгінгі шараға атсалысқан барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Барлығы өте ұйымшыл, шынайы жанашырлықпен жұмыс істеді. Біз шын мәнінде үлкен құрметке толы мереке ұйымдастырдық», – деп өз әсерімен «Синегорье» велоклубының ардагері бөлісті.

Шараға Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев те қатысты.

«Осындай спорттық-патриоттық шарада баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Бұл тек спорт емес, ардагерлерімізге деген тағзым мен құрметтің белгісі. Мұндай оқиғалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, патриоттық рухты арттырады», – деп атап өтті қала басшысы.

Көкшетауда өткен мерекелік велошеру – спорт пен тарихи жадының қатар өріліп, түрлі жастағы адамдарды бір мақсатқа ұйыстыратын жарқын мысал болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-kokshetauakmo/press/news/details/988887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version