Маңғыстау облысы, әсіресе Ақтау қаласы, Қазақстандағы ең үздік 5 туристік орынның қатарынан табылды.
Теңіз лебі, құмды жағажайлар, жылы су мен ғажайып орындар – мұның бәрін Ақтау мен Маңғыстаудан табуға болады.
Ақтауға келсеңіз, мына 5 таңғажайып жерді көре кетіңіз.
1. Ақтауда үлкен қалалардағыдай қарбалас пен кептеліс жоқ.
Мұнда өмір ағысы баяу үйлесім тапқан. Қалада адасып кету мүмкін емес: кәдімгі көшелердің орнына тек шағынаудандар бар, ал әр жерде бағыт көрсеткіштер орнатылған. Қала ішінде кез келген жерге қоғамдық көлікпен тез жетуге болады. Тіпті теңізге де күнде баруға болады.
2. TURKSOY: мәдени серпіліс.
Биыл Ақтау TURKSOY ұйымының шешімімен түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Ақтаулықтардың өзі қаланы жаңа қырынан тани бастады. Мұнда көше концерттері, көрмелер, инсталляциялар мен фестивальдер өтіп жатыр. Бұл Ақтауға мәдени орталық ретіндегі ерекше атмосфера сыйлайды.
Қазір мұнда жас, еркін, батыл және креативті жаңа қала болмысы қалыптасып келеді.
3. Фестивальдер мен спорттық шаралардың эпицентрі.
2025 жылы Ақтау шығармашылық адамдар мен спортшылардың басын біріктірген орталыққа айналды. Мұнда жыл өткен сайын танымалдығы артып келе жатқан шаралар өтеді:
• Mamyr Fest — Қазақстан мен Ресей музыканттары қатысатын өнер мен музыка мерекесі;
• Aktau Summer Fest — хедлайнерлер, жағажайдағы би мен көше көңіл-күйін үйлестірген ірі жазғы фестиваль;
• Esquire Picnic — табиғат аясында жайлы пикник;
• Tennis Cup, Football Cup, Tour de Bozjyra сынды маңызды спорт бәсекелері.
Айта кетейік, осы шаралардың көбі — табиғаты көркем, мәдени алаңға айналған қала қонақүйлерінің бірінде өтеді.
4. Маңғыстаудың ерекше табиғи ескерткіштері мен ғажайыптары
Маңғыстау — өзге планетада жүргендей әсер сыйлайтын аймақ. Ақтаудан әрі қарай сәл жүрсеңіз, осынау ғажайып мекенге куә боласыз:
• Бозжыра — ақ жартастар мен биік шыңдар. Мұнда туристер келсе, басқа әлемге түсіп кеткендей күй кешеді.
• Айрақты — табиғат өзі миллиондаған жыл бойы өңдеген қамал тектес тастардан тұратын алқап. Мұнда өзіңізбен оңаша қалып, дала лебін сезініп, ойға шома аласыз.
• Шарлар алқабы — алып тас шарлардан тұратын геологиялық құбылыс.
Ал жан тыныштығын қалайтындар үшін Көгілдір қойнау таптырмас мекен: мөлдір су да, нағыз жағажай да осында.
5. Теңіз жағасындағы естен кетпес демалыс.
Ақтауда күнге қыздырынып, қаланың у-шуынан босап, бой сергітуге болады. Одан соң қайыққа мініп, күн батар шақта фишбармақ жеп, шай ішсеңіз, өмірге басқа қырынан көз тастайсыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/988886?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау