2 мамырда Қарғалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларынан есептер тыңдап, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
Жиын барысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы, жол жөндеу жұмыстарының барысы, тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары сынды маңызды тақырыптар талқыланды. Тұрақты комиссиялардың отырысы қорытындысында тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсыныстар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/989132?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау