ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Акцияға жеке кәсіпкерлер де атсалысуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын Байзақ елі де үлкен жауапкершілікпен қабыл алды. Ағаш отырғызу маусымында белең алған шара туған жерімізді әрқашан таза ұстап, гүлдендіру мақсатында жыл бойы жалғасатын болады. Осы мақсатта аудан кәсіпкерлері бұл игі істен шет қалмай келеді.
Бүгін “Байзақ ауданының 80 жылдығы” атындағы саябақтың маңында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, жеке кәсіпкердің демеушілігімен бір гектар аумаққа мың дана терек ағаштары отырғызылды. Аталмыш шараға аудан әкімі, аудан әкімдігі мен мәслихат ұжымы, бірқатар бөлімдер мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсене атсалысты.
Бүгінгі еккен тал шыбық, ертең жапырағы жайқалған ағаш, одан әрі көрікті орман болатыны белгілі. Таза экология, таза ауыл, мұның барлығы – жарқын болашағымыз үшін екенін айта кетейік.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/989133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version