Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы «Достық үйі» маңынан жаңа аллея ашылды. «Достық аллеясының» ашылу салтанатына облыс басшылығы, Ассамблея өкілдері, жастар қатысып, уақыт капсуласын қойды.
▶️ Осы күні салтанатты шараға қатысушылар аллеяға 30 түп катальпа ағашының көшетін отырғызды. Облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, қоғам қайраткері Атсалим Идигов және белсенді жастар қатарынан Екатерина Подгорная болашаққа бағытталған тілек жазылған уақыт капсуласын орналастырды. Уақыт капсуласы 2030 жылы, яғни ҚХА 35 жылдығында алынып, оқылатын болады.
🌳🌲👏🏻 Аллея Талдықорған қаласының халық демалатын көрнекті орындарының біріне айналмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/987945?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау