ҚҰРМЕТТІ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚҰРМЕТТІ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бейбітшілік пен келісім, татулық пен өзара сыйластыққа негізделген еліміздің басты мерекелерінің бірі. Бірлік күні – халқымыздың жүрегінен орын алған, барша этностардың ортақ құндылықтарын дәріптейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын күн.
 
Бүгінде Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан әлемге үлгі ел. Олардың бәрін біріктіріп тұрған күш – ортақ тарихымыз, тағдырымыз және ортақ болашағымыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел бірлігі – біздің ең басты жетістігіміз. Сол жетістікке адал қызмет ету – әр азаматтың парызы.
 
Бүгінгі таңда ауданда бірнеше этнос өкілдері бірлесіп өмір сүріп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Этномәдени бірлестіктердің, зиялы қауымның, жастардың белсенділігі – татулықты нығайтудың негізі. Әрқайсысы ұлттық дәстүрлерін сақтай отырып, ел игілігі жолында бірігіп қызмет етуде.
 
Ауданымызда жыл сайын 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кең көлемде атап өтіледі. Түрлі ұлт өкілдерінің өнері, салт-дәстүрлері мен тағамдары насихатталып, ынтымақ пен достықтың салтанатты көрінісі айқын сезіледі. Бұл – ұрпақ тәрбиесінде де үлкен рөл атқаратын рухани мұра.
Осы жарқын мереке күні баршаңызды бірлік пен бейбітшілікті бағалауға, ортақ мүдде жолында жұмыла еңбек етуге шақырамын. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, әрдайым түсіністікпен қарай білейік. Ел ішіндегі татулық – тәуелсіздігіміздің тірегі, жарқын болашағымыздың негізі.
 
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық пен молшылық тілеймін. Берекелі бірлік пен баянды тірлік әр шаңырақта орнасын! Мерекеміз құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Келес ауданының әкімі
Ағыбаев Жәнібек Есенұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/987908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version