Жамбыл ауданына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл ауданына жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жұматаев Ә.Т. аудан әкімі А.Б. Бектасовпен бірге «Лесная поляна» балалар сауықтыру лагеріне барып, оны ағымдағы жөндеуден өткізу және балаларды сауықтыру мен демалысты ұйымдастыру мақсатында қабылдауға дайындау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, департамент басшысы күрделі жөндеу жұмыстары басталған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ғимаратын аралады. Қазіргі уақытта мердігер ұйым шатырды, еден жабындарын және ағаш арқалықтарды бөлшектеу және ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/987910?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version