Жоба
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының
Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған
бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 7 бабы 1 тармағының 4 тармағына, 85 бабының 3 тармағына, 89 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-7 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты
ШЕШТІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 535 588 мың теңге:
салықтық түсімдер – 204 200 мың теңге:
салықтық емес түсімдер – 179 242 мың теңге:
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 138 мың теңге:
трансферттер түсімі – 329 250 мың теңге:
- шығындар – 538 857,2 мың теңге:
- таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге:
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге:
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге:
6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – -3 269,2
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге:
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
«1-1. 2024 жылы облыстық бюджеттен 0,1 мың теңге сомасында, 4 қосымшаға сәйкес бөлінген, 2025 жылға арналған Явленка ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан, қолданылмаған нысаналы трансферттерді қайтару бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындар көзделсін».
1-2. 4 қосымшаға сәйкес Явленка ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен шығындар көзделсін.
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімге 4 қосымшамен толықтырылсын.
- 2025 жылға арналған Явленка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1 бабына сәйкес қалыптастырылады деп белгіленсін.
- 2025 жылға аудандық бюджеттен Явленка ауылдық округінің бюджетіне берілетін трансферттердің (субвенциялардың) көлемі 18 186 мың теңге сомасында көзделсін.
- 2025 жылға арналған бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделсін, оның ішінде:
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға.
Аталған трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
- 2025 жылға арналған бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі көзделсін, оның ішінде:
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің Явленка ауылындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге;
Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің Явленка ауылындағы ауылішілік жолдарды ағымдағы жөндеуге;
Есіл ауданының Явленка ауылындағы «Есіл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ аумағын абаттандыру және көпфункционалды спорт ғимаратын күрделі жөндеуге.
Аталған трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
- 2025 жылға арналған бюджетте аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі көзделсін, оның ішінде:
еңбекақы төлеу қорына;
көшелерді жарықтандыруға.
Аудандық бюджеттен берілетін аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі әкімінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Есіл аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» шешімімен айқындалады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/375 шешімі;
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 23/375 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімі.
- Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы |
|
Е.Тұтқышев |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-esil-yavlenka/press/news/details/990713?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау