Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында «AMANAT» партиясы филиалының базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті

Күн тәртібінде теміржол тасымалы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ Көкшетау қаласының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов қатысып, кеңеске қатысушыларды кәсіби қызметтегі заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ұстануға шақырды.

«ҚТЖ– Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Саят Бекенов ұйымның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қатаң бақылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Айнұр Танкыбаева бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлап, сондай-ақ жер қатынастары бөлімінің қызметіне шағымдар санының азайғанын атап өтті.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/990714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version