Ауыл шаруашылығы жерлерінің топырағын зерттеу жұмыстары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің бұйрығына сәйкес арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы Д.Султанғалиев енгізілді.

2025 жылғы 24–26 сәуір аралығында аталған комиссия Ақжайық, Қазталов және Жаңақала аудандарына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу жұмыстарының жүргізілу барысын тексерді. Сапар барысында топыраққа зерттеу жүргізіліп, жерлердің бонитеті анықталды және топырақ жағдайын мониторингілеу жұмыстары басталды.

Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – жердің ауыл шаруашылығына жарамдылығын анықтау үшін топырақтың құрамы, құрылымы, қасиеттері мен құнарлылығын зерделеу.

Бонитетті бағалау жер учаскелерінің өнімділік әлеуетін анықтауға және аграрлық қызметті тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Мониторинг шеңберінде топырақ жағдайына үнемі бақылау жүргізіліп, эрозия, тұздану, шөлейттену және басқа да деградациялық үдерістердің белгілерін уақтылы анықтауға жол ашылады. Бұл өз кезегінде топырақ құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіру бойынша шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zher/press/news/details/990672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version