Мемлекет басшысының елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көгалдандыру бойынша өңірлік жоспарлары бекітілді.
2021-2025 ж. аралығында жыл сайын 3 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
Жалпы, 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін барлығы 14,3 млн. астам ағаш отырғызылды.
Елді мекендерді көгалдандыру үшін биіктігі 1 метр немесе одан үлкен көшеттер қолданылады.
Көшеттердің жасы 2-4 ж.; биіктігі тұқымы мен өсу жағдайына байланысты 30 см-ден 2 метрге дейін.
-үлкендеу көшеттер көгалдандыруда, аумақтарды абаттандыруда, сыртқы бейнесі және сәнділігі маңызды бақтар мен саябақтарда қолданылады;
-жасыл желектерді құруды жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады;
-көшеттерді отырғызу елді мекеннің бас жоспарына сәйкес ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/990673?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау