БҚО-да тұрғын үй мен инфрақұрылым салаларында қарқынды даму байқалуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы облысымызда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында  тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен қамту, әлеуметтік инфрақұрылым және ауылдарды дамыту салаларында ауқымды жобалар жүзеге аспақ.

Жоспар бойынша, 2025 жылы 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. Алайда қазіргі болжам бойынша бұл көрсеткіш 640 мың шаршы метрге дейін жетуі мүмкін. Жыл басынан бері 310 тұрғын үй немесе 88,1 мың шаршы метр баспана халық игілігіне беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға артқан.

Жалпы, 2025 жылы бюджет қаражаты есебінен 1505 пәтерлік тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде 950 пәтер – жаңадан салынатын көпқабатты және ауылдық үйлер, ал 555 пәтер – халықтың әлеуметтік  осал топтары үшін сатып алынады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық ауыл халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 307 ауыл таза сумен қамтылып отыр, бұл ауыл халқының 97%-ын құрайды.

Биыл тағы 15 ауылдық елді мекенге (шамамен 4 мың адам) сапалы ауыз су жеткізу жоспарланған. Жергілікті бюджет есебінен 41 ауылға кешенді блок-модульдер орнатылады. Жыл соңына дейін облыс халқының 100 пайызын сапалы ауыз сумен қамту көзделіп отыр.

Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6183 шақырымды құрайды. Соның ішінде 1349 шақырымы – республикалық, 4834 шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар. Биыл 257 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 28 жоба жүзеге асады. Оның ішінде әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ электрмен жабдықтау нысандары қамтылған. Жобаларға жалпы 11,8 миллиард теңге қарастырылған.

Облыста 2025 жылға белгіленген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар өңір халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде халықтың тұрғын үйге қолжетімділігі артып, ауылдардағы өмір сапасы жақсара түспек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/990322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version